«Таза Қазақстан» республикалық акциясы қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Тазалық – тек көшелер мен аулалардың көркі ғана емес, ол халықтың мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрсеткіші.
Бүгінде еліміздің әр өңірінде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен саябақтар тазартылуда, ағаш көшеттері отырғызылуда. Мұндай шаралар қоршаған ортаның жақсаруына ғана емес, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасының қалыптасуына да ықпал етеді. Әрбір азамат өз ауласының, көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміздің экологиялық ахуалы әлдеқайда жақсара түсер еді.
Таза қоршаған орта – дені сау ұрпақ пен жарқын болашақтың негізі. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау және тазалықты сақтау әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз болуы тиіс.

