Махамбет ауданы, Бақсай ауылдық округінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары барысында ауыл аумағындағы көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, шашылған қоқыстар жиналды. Елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны таза ұстау және ауылдың көркін арттыру бағытындағы жұмыстарға жауапты қызметкерлер атсалысты.
«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды жоба. Туған жердің таза әрі көрікті болуы – әр азаматтың ортақ міндеті.
Бақсай ауылдық округінде де абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады. Ауыл тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және ортақ іске белсенді үлес қосуға шақырамыз.
Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты




