Елімізде кеңінен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Махамбет ауданына қарасты Бақсай ауылдық округінің Таңдай ауылында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шараға мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, көшелерді, қоғамдық орындарды және жол жиектерін қоқыстан тазартты.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған жерге деген жанашырлықты арттыру.
– «Таза Қазақстан» акциясы – бір күндік шара емес. Бұл – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындардың белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Тазалық – әр үйдің ауласынан, әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Ауылымыздың көркеюі өз қолымызда. Сондықтан барша тұрғындарды осы игі іске атсалысуға шақырамын, – деді ауыл әкімі Ермұрат Сұлтанов.
Өз тілшіміз


