«Таза Қазақстан» – болашаққа жасалған игі қадам!

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті.

Бұл бастама жалпыұлттық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

Аталған игі іске аудандық мектептердің 11-сынып түлектері белсене қатысып, мектеп аумағында ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, бұл шараға 1-сынып оқушылары да қосылып, аға буынмен бірге тал егіп, табиғатты аялаудың жарқын үлгісін көрсетті.

Түлектердің әр отырғызған ағашы болашаққа қалдырған ізгі мұрасы. Бұл тек көгалдандыру ғана емес, келешек ұрпаққа таза әрі көркем орта қалдыруға бағытталған үлкен жауапкершілік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT