«Таза Қазақстан» – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі

«Таза Қазақстан» акциясы – әрбір азаматтың туған жеріне деген жанашырлығы мен жауапкершілігін көрсететін маңызды бастама. Тазалық – тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, ол әрқайсымыздың ортақ парызымыз. Өз ауламызды, көшемізді және қоғамдық орындарды таза ұстау арқылы біз өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсетеміз.

Туған өлкеміздің көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы – барлығымыздың белсенділігімізге байланысты. Сондықтан мұндай игі бастамаларға әр азамат шынайы ниетпен атсалысып, тазалық мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыруы қажет. Өйткені таза орта – дені сау қоғам мен жарқын болашақтың кепілі.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT