Бақсай ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке ауылдық округ әкімдігі аппаратының қызметкерлері мен белсенді тұрғындар қатысып, елді мекен аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, аумақтарды абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары атқарылды.
Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған.
Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Әрбір азаматтың қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілігі туған өлкеміздің көркеюіне негіз болады.
Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты


