Бақсай ауылдық округіне қарасты Көздіқара және Есмахан елді мекендерінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Акция барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып қана қоймай, қоғамда жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыруға да оң әсерін тигізеді.
Таза әрі көрікті ауыл – тұрғындардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан әрбір азаматтың туған өлкесінің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға атсалысуы маңызды. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Бақсай ауылдық округі әкімінің аппараты.


