Тарихи нысандардың аумағы ретке келтірілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «UpgradeMakhambet» акциясы өтті.

Акция барысында аудан аумағындағы тарихи-мәдени маңызы бар мүсіндер мен ескерткіштердің айналасы тазартылып, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Жастар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға белсенді атсалысып, тарихи мұраларға құрмет көрсетті.

Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, тарихи-мәдени нысандарды күтіп ұстауға және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT