Тарих пен тағылым ордасы

Тарихи сабақтастық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған танымдық іссапар аясында жуырда Махамбет ауданының делегациясы Батыс Қазақстан облысына барып қайтты.

Аудан әкімінің орынбасары Махамбет Ербөлек жетекшілік еткен делегация құрамында аудан ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет саласының мамандары және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музейқорығының қызметкерлері болды. Іссапар барысында делегация мүшелерімен бірге Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында болып, өңірдің тарихи-мәдени нысандарын аралады.

Атап айтқанда Жұбан Молдағалиев музейі мен В.И.Чапаев атындағы тарихи-өлке- тану музейіне барып, өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайтын құнды жәдігерлер мен деректерді тамашаладық. Қазақ тарихында ерекше орны бар Бөкей хан негізін қалап, Жәңгір ханның тұсында өркендеген қасиетті мекеннің екі ғасырлық тарихы Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралықэтнографиялық музей-қорығының экспозицияларында болып, ерекше әсерге бөлендік.

Екі тарап өкілдері ауданның туристік әлеуетін арттыру, аймаққа тартылған инвестициялық жобалар мен қол жеткізген жетістіктер, ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар бойынша өзара пікір алмасты.  Мұндай тағылымды кездесулер өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, тарихи сананы қалып- тастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар әріптестік байланысты нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.

Осы орайда танымдық іссапар аясында қонақжайлығын көрсетіп, құрметпен қарсы алған Ақжайық, Бөкей ордасы ауданы әкімдігіндегі әріптестерімізге аудан әкімдігі атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

Алшынбек МҰҚАНҒАЛИЕВ,

аудан әкімі аппаратының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT