Талдыкөл ауылындағы №226 референдум учаскесінде тұрғындар белсенділік танытуда. Таңғы уақыттан бастап ауыл тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасауда. Учаске комиссиясының мүшелері сайлаушыларды қарсы алып, дауыс беру процесін ұйымдасқан түрде өткізіп жатыр.
Учаске төрағасы Сандуғаш Серікқалиқызының айтуынша, халықтың белсенділігі жоғары. Жалпы бұл учаскеде 641 сайлаушы тіркелген.
Референдум күні алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің қатарында ауыл тұрғыны Аралбай Жолдыбайұлы да бар.
– Ел үшін маңызды сәттерде әр азамат өз таңдауын жасауы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан таңертең ерте келіп, дауыс беруді жөн көрдім. Бұл – біздің ел болашағына деген жауапкершілігіміз, – дейді ол.
Сонымен қатар учаскеге жас сайлаушылар, “Алтын алқа” иегерлері, көп балалы отбасылар және ұлттық киіммен келген тұрғындар да болды. Алғашқы болып келген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды.


