ТАЛДЫКӨЛДЕ ТҮСКЕ ДЕЙІН 300-ДЕН АСТАМ САЙЛАУШЫ ДАУЫС БЕРДІ

Талдыкөл ауылындағы №226 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлауға тұрғындар белсенді қатысуда.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Сандуғаш Мунбаеваның айтуынша, таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлаушылар легі үзілмеген. Сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша 304-ке жуық сайлаушы өз таңдауын жасаған.

Таңғы сағат 07:00-де алғашқылардың бірі болып дауыс берген Айгүл Оспанқызы Мұқановаға сайлау учаскесі атынан естелік сыйлық табысталды.

Сайлау күні ауыл үлкендері де белсенділік танытуда. Солардың қатарында ардагер ұстаздар Ханшайым Аманова мен Зәуреш Мұсақызы отбасыларымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Бүгін 70 жасқа толған ауыл тұрғыны Жонас Алишева да мерейлі күнінде сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Комиссия мүшелері туған күн иесін құттықтап, сыйлық табыстады.

— 70 жасқа толған мерейлі күнімнің сайлау күнімен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елдің болашағы жарқын болып, кейінгі ұрпақ бейбіт өмір сүрсін, – деп ризашылығын білдірді Жонас әже.

№226 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT