Махамбет ауылындағы №216 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Учаске ашылған сәтте еліміздің Әнұраны шырқалып, маңызды саяси науқанға ресми түрде старт берілді. Мұнда 15 көше бойынша жалпы 1011 сайлаушы тіркелген. Таңертеңнен бастап ауыл тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасауда. Учаскеде алғаш рет дауыс беріп жатқан жас сайлаушылар да бар.
Учаске төрағасы Нұрайна Тілеубергенованың айтуынша, дауыс беру барысы қалыпты жағдайда өтуде.
– Бүгін таңертеңнен бастап сайлаушылар белсенді келіп жатыр. Барлық қажетті жағдай жасалған, комиссия мүшелері өз міндеттерін атқаруда. Әр азаматтың келіп, өз таңдауын жасауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің белгісі, – дейді ол.


