Таңдай ауылында сайлаушылар белсенділік танытуда

Таңдай ауылындағы №222 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі белсенді әрі ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Түске дейін учаскеге келіп, өз таңдауын жасаған сайлаушылардың саны 700-ге жуықтады.

Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтардың да дауыс беру құқығы қамтамасыз етілді. Комиссия мүшелері С. Мамай мен К. Есмурзина арнайы бюллетень жәшігін алып, үйінде дауыс беретін 90 сайлаушының үйлеріне барды.

Олардың 15-і ауыл тұрғындары болса, 75-і елді мекенде тұратын сайлаушылар. Комиссия мүшелері әр азаматқа өз таңдауын жасауға қажетті жағдай жасап, дауыс беру рәсімінің талапқа сай өтуін қамтамасыз етті.

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT