Табиғат – адамзаттың ең үлкен байлығы. Таза ауа, мөлдір су, жасыл орман мен әсем табиғат адам өмірінің ажырамас бөлігі. Сондықтан табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық міндеті. Қазіргі таңда елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үлкен үлес қосуда.
Өкінішке қарай, кейбір адамдар табиғатқа немқұрайлы қарап, қоқысты кез келген жерге тастап, өзен-көлдерді ластап жатады. Мұндай әрекеттер экологияға зиянын тигізіп қана қоймай, адамның денсаулығына да қауіп төндіреді. Табиғатты таза ұстау – тек сенбілікке шығумен шектелмейді. Ол күнделікті өмірдегі мәдениеттен басталады. Әр адам қоқысты арнайы орынға тастап, ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуы керек.
Табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. «Таза Қазақстан» бастамасы арқылы біз туған жерімізді көркейтіп, табиғатты сақтауға атсалысамыз. Табиғат таза болса – болашағымыз да жарқын болады.


