Өзен-көлдерде шомылу адамдар үшін, әсіресе балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Әсіресе судағы қауіпсіздік ережелері мен шараларының сақталмауы, балалардың суға шомыла білмеуі орны толмас қайғыға айналып жатады.
Сондықтан құрметті ата-аналар! Сіздерді төмендегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
- Балаларды жағалауда қараусыз қалдырмаңыз. Жағалауға суға түсуге тыйым салынбағанын тексеріңіз.
- Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелерін үйреткеніңіз жөн. Оларды жалғыз жүзбеуге, тексерілмеген жерлерде суға секірмеуге және қауіпті судағы ойындардан аулақ болуға үйретіңіз.
- Суда шомылу кезінде балаңызға үрлемелі кеудешелер мен басқа да құтқару құралдарын қолданыңыз.
- Балаңызды шомылуға ересек адамдардың қарауынсыз жібермеңіз.
- Балалар үлкендерге еліктейді. Сондықтан, судағы қауіпсіздік ша¬раларын алдымен өзіңіз сақтауға тырысыңыз.
- Бала қауіпсіздігі ата-ана жауапкершілігі екенін білгеніңіз абзал!
Аудандық полиция бөлімі


