Жазғы суға шомылу маусымында аудан көлемінде қауіпті учаскелер аумағына суға түсуге «Тыйым салу» бойынша қауіпсіздік белгілері жергілікті округ мамандарымен жыл сайын орнатылып отыр.
Аудан аумағында суға түсетін арнайы орындар қарастырылмаған, барлығы жабайы жағажай болып есептеледі.
Елді-мекен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, судағы төтенше жағдайлардың алдын алу, суға шомылу маусым кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және тікелей азаматтардың шоғырлану орындарында инспекторлармен жүргізіледі.
Сонымен қатар, Жайық өзені жағалауларындағы қайықшылар, балықшыларға аудандық полиция бөлінің қызметкерлерімен бірлескен түрде ауылдық, елді-мекендерін қамти отырып жасақталған жоспарға сәйкес, рейдтік, патрульдеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізіледі.
Судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша үгіт-насихат және түсінік жұмыстары мен кеңінен жүргізілсе де нәтиже беретініне ешқандай кепілдік жоқ екенін бәрімізге белгілі. Оның шешімі тек қана заңдастырылған жағажайларды ашып, жеке немесе заңды тұлғаларға арнайы құралдармен жабдықталған құтқару бекеттерін құрып, медициналық және қоғамдық бекеттерімен қамтамасыз етілген жағдайда қайғылы оқиғалардың көрсеткішінің азайуына әсер ететіні сөзсіз.
2025 жылы суға шомылу маусымы кезінде 6 оқиға орын алып, 7 адамның суға кету фактілері орын алды.
Жалпы суға түсуге болмайтын жабайы жағажайлар аумағында суға түскен тұлғаларға 2025 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 412 бабына сәйкес әкімшілік айыппұл 4 адамға 55048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған болатын.
Осы орайда аудан тұрғындарын суға шомылу барысында оқыс жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі


