Суда сақ болайық

Жаз мезгілінде өзен-көл жағасында демалушылардың саны артып, судағы қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызға ие болады. Су адам өміріне аса қажет болғанымен, қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Көп жағдайда судағы жазатайым оқиғалар жүзе алмайтын балалардың емес, өз мүмкіндігін асыра бағалап, өзін жақсы жүземін деп есептейтіндердің арасында орын алады. Сондықтан әрбір адам суда жүргенде сақтық шараларын қатаң сақтауы қажет.

Мамандар төмендегі қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға кеңес береді:

- арнайы белгіленген аумақтан асып жүзбеу, ал мұндай белгі болмаса жағадан алыс кетпеу;
- қайықтар мен кемелерге жақын жүзбеу;
- таяз немесе тереңдігі белгісіз жерге секірмеу;
- қайықтан, айлақтан, көпірден және арнайы арналмаған орындардан суға секірмеу;
- күнге қатты қыздырынғаннан немесе ұзақ жүгіргеннен кейін бірден суға түспеу. Алдымен денені сумен салқындатып алған жөн;
- дауыл немесе қатты толқын кезінде суға шомылмау;
- суда бір-бірін батырып ойнамау. Мұндай әрекет адамның тұншығып, есінен тануына себеп болуы мүмкін.

Суда демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау – өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғаудың ең тиімді жолы екенін ұмытпаңыз.


Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT