Үш буынның азаматтық қадамы

Бейбарыс ауылындағы №225 референдум учаскесіне жас сайлаушы Ақдидар Әтиғоллақызы әжесі мен анасын ертіп келіп, өз таңдауын жасады. Үш буын өкілдерінің бірге келуі ұрпақ сабақтастығы мен ел болашағына деген ортақ жауапкершілікті айқындай түсті.

82 жастағы әжесімен бірге келген жас сайлаушы маңызды саяси науқаннан қалыс қалмауды жөн көргенін айтты.

– Ел үшін маңызды сәттерде әр азамат өз таңдауын жасап, белсенділік танытуы керек деп есептейміз. Сондықтан бүгін ерте келіп, дауыс беруді жөн көрдім. Бұл – біздің ел болашағына деген жауапкершілігіміз, – дейді Ақдидар.

Айта кетейік, аталған учаскеде 1501 сайлаушы тіркелген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT