Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Қоғам дамуына үлкен кедергі келтіретін, мемлекет пен халық арасындағы сенімді әлсірететін жағымсыз құбылыс – ол сыбайлас жемқорлық. Ол лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерін жеке пайдасы үшін заңсыз пайдалануынан көрініс табады. Мұндай әрекеттер ел экономикасына, әлеуметтік жағдайға және әділеттілік қағидаларына кері әсер етеді.

Жемқорлықтың туындауына заң талаптарының сақталмауы мен бақылаудың әлсіздігі басты себептердің бірі болып отыр. Сонымен қатар қоғамдағы құқықтық мәдениеттің төмендігі, азаматтардың өз құқықтарын толық білмеуі де бұл мәселенің ушығуына ықпал етеді. Кейбір адамдардың жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылуы да заң бұзушылықтарға әкеледі. 
Бұл құбылыстың салдары ауыр. Сы¬байлас жемқорлық экономикалық дамуды тежеп, инвестицияның аза¬юына себеп болады. Ең бастысы – халықтың мемлекетке деген сенімін төмендетеді. Бұдан бөлек білім беру, денсаулық сақтау сияқты маңызды са¬лаларда әділетсіздік орын алып, қоғамда теңсіздік қалыптасады. 
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ол үшін заң талаптарын қатаң сақтау, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік органдарда бақылауды күшейту, цифрландыру жүйесін дамыту да маңызды. Сонымен қатар жастарға адалдық пен әділдік құндылықтарын кеңінен насихаттау арқылы бұл індеттің алдын алуға болады. 
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кері әсер ететін қауіпті құбылыс. Онымен күресу үшін мемлекет пен қоғам бірлесе әрекет етуі тиіс. Әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адалдықты басты қағида ретінде ұстанғанда ғана әділетті қоғам қалыптасады. 


А.ГУБАЙДУЛЛИН, 
аудандық мемлекеттік қазынашылық басқарма басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT