Сарайшықтық сайлаушылар белсенділігі жоғары

Сарайшық ауылдық округіндегі №223 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің белсенділігі ерекше байқалады.

Ауылдың үлкен-кішісі таң атқаннан сайлау учаскесіне ағылуда. 
Әсіресе, ұлттық киімдерді ұлықтап, көтеріңкі көңіл күйде ерекше дайындықпен дауыс беруге келіп жатқан ауыл қарттарының қарасы қалың. Олар  өз кезегінде бүгінгі атаулы күнмен құттықтап, ақ батасын беріп, ел болашағы үшін дауыс беруге шақыруда. 

Сайлау учаскесінің төрағасы Замзагүл Нұғыманованың айтуынша, учаскеде барлығы 1210  сайлаушы тіркелген. Оның ішінде, 39-зы үйден дауыс беретін болады. 
Осынау маңызды күні сайлау учаскесі орналасқан ауылдық мәдениет үйі аумағында жергілікті шаруа қожалықтарының қатысуымен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Дауыс беріп әрі жәрмеңкеден қажеттін тапқан тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT