Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылдық округінде республикалық деңгейдегі SARAISHYQ MARATHON 2026 марафоны өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Махамбет Ербөлек қатысушыларды құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл жолғы марафонға облысымыздан әрі өзге өңірлерден 700-ден астам қатысушы жиналып 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтықтарда өз бақтарын сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар арнайы марапаттарға ие болды.
Биылғы марафонның басты ерекшеліктерінің бірі – 20-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуы.
Іс-шара аясында қатысушылар мен қонақтарға көне Сарайшық қалашығының тарихы таныстырылып, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілердің өнімдері ұсынылған көрме ұйымдастырылып, ұлттық бұйымдар мен кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.


