Сайлаушы сенімі – үлкен жауапкершілік

Президент Құрылтай сайлауының еліміздегі саяси мәдениетті жаңа деңгейге көтергенін атап өтті. Расында, бұл жолғы сайлау партиялар арасындағы ашық бәсекені, олардың нақты ұстанымы мен бағдарламасын халыққа ұсынуға мүмкіндік берген маңызды саяси науқан болды.

Мемлекет басшысы «Әділет» партиясына артылатын жауапкершіліктің жоғары екенін ерекше айтты. Сайлаушылардың сенімі – үлкен міндет. Сондықтан алдағы уақытта халықпен байланысты үзбей, сайлауалды бағдарламада көтерілген мәселелердің нақты жүзеге асуына күш салу маңызды деп есептеймін.

Құрылтайдың алғашқы отырысы ел дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды қадамдардың бірі. Ең бастысы – халықтың сенімін нақты іспен ақтап, қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыра білу.

Ақжол ҚОНЫСБАЕВ,
Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «Әділет» партиясының мүшесі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT