Бүгін аумақтық коалиция мүшелері Руслан Әженов және Эльмира Еспусинова Махамбет ауданының тыл ардагері Уәли Рахымжановпен жеке, бейресми форматта мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында ардагер өз еңбек жолы, еңбек саласының қалыптасу кезеңдерін әңгімелеп, жас буынға ақыл-кеңесін берді. Әңгіме барысында ол ел дамуы үшін жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығына тоқталып, Жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді. Ардагердің пікірінше, конституциялық өзгерістер заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді және әлеуметтік әділетті қоғам құруға негіз қалайды. Сонымен қатар бұл бастамалар экономиканың тұрақты дамуына, соның ішінде мұнай-газ саласының өркендеуіне оң ықпал ететінін атап өтті.
Ұрпақ сабақтастығы: Уәли Рахымжанов мазмұнды кездесу.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 174


