№219 сайлау учаскесінде Махамбет ауданының тұрғыны Тілек Ермұрат азаматтық белсенділігін танытып, өз таңдауын жасады. Мүмкіндігі шектеулі болуына қарамастан, ол сайлау учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосты.
Тілек Ермұрат үшін дауыс беру – азаматтық міндет қана емес, елдің ертеңіне деген жауапкершіліктің белгісі. Ол өз таңдауын жасап, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін көрсетті.
Сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті жағдайлар жасалып, олардың дауыс беруіне қолайлы орта қамтамасыз етілген. Бұл – сайлау үдерісіне барлық азаматтардың тең қатысуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.


