ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ "ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІН" ҚОЛДАДЫ

Мемлекет басшысы бекіткен «Ұлттық кітап күні» қарсаңында Атырау облысы Махамбет ауданы полиция қызметкерлері аудандық орталық кітапханасында өткен салтанатты іс-шараға қатысты.

Қазіргі заманғы полиция қызметкері үшін кітап – білімнің маңызды көзі, жоғары мәдениеттің, зияткерлік деңгейдің және адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына ықпал ететін басты құрал. Ведомствода үздіксіз өзін-өзі дамыту, өз елінің тарихын білу және рухани құндылықтарды құрметтеу тәртіп сақшысының кәсіби келбетінің ажырамас бөлігі екені атап өтілді.

Іс-шара барысында жас қызметкерлермен жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Олар үшін тарихи-патриоттық және рухани-адамгершілік бағыттағы әдебиеттерді оқу ұйымдастырылды. Кітаптармен танысқаннан кейін полицейлер әріптестерімен бірге оқылған шығармаларды талқылап, пікір алмасты. Бұл ұжымдық рухты нығайтуға және қызметкерлер арасындағы бірлікті арттыруға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT