Отбасымен келіп дауыс берді

Ақтоғай мәдениет үйінде орналасқан №234 референдум учаске мекенжайы бойынша 599 дауыс беруші тіркелген. Ауылдық округке қарасты елді мекендердің барлығынан днсаулық жағдайына байланысты алдын ала үйден дауыс беруге өтініш білдірген 80 тұрғынның үйіне  бюллетень жәшігі апаралатын болады. 
Аталған учаске бойынша азаматтардың дауыс беру барысын "Дауыс" қоғамдық байқаушылар коалициясы, "Аманат" партиясының өкілдері бақылауда. 
Саяси науқанға белсенділікпен қатысып жатқан ауыл тұрғындары арасында отбасымен келіп дауыс берген Оразғалиевтер жанұясы ерекше көзге түсті.
- Халықтың таңдауына мүмкіндік беріп отырған осындай маңызды сәтте әр азамат жауапкекершілік танытып, өз таңдауын жасауы тиіс деп білеміз. Бүгін арнайы уақыт бөліп,  отбасымызбен  келіп дауыс бердік. Жаңарған Конституция   халықтың мүддесін қорғауға, азаматтардың құқықтарын күшейтіп, әлеуметтік әділдік қағидаларын нығайтады, -деп сенеміз дейді Оразғалиевтер отбасы.
#Конституция #ЗаңҮстемдігі #Жауапкершілік
Б.САПАРОВА
#МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT