Отбасылық-тұрмыстық зорлыққа қарсы алдын алу шаралары жалғасуда

Атырау облысы Махамбет ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде.

Қазіргі таңда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау – маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты Атырау облысы полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері облыс аумағында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 100-ден астам азаматқа құқықтық кеңес беріліп, олардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар, ондаған профилактикалық кездесулер мен түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

 

Атап айтқанда, Ақтоғай және Сарытоғай ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесулер өткізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесулер барысында азаматтарға қорғау нұсқамасын шығару тәртібі, құқық бұзушыға қатысты шектеу қою шаралары, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының көмегі туралы ақпарат берілді. Алдағы уақытта да құқықтық сауаттылықты арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT