Д.Төленов атындағы орта мектебінде «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Кездесуге аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның адам өмірі мен қоғамға тигізетін зияны, құқық бұзушылықтың салдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған кезде қайда және кімнен көмек сұрауға болатыны жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Мамандар жастарға өз құқықтарын білу, заң талаптарын сақтау және айналасындағы адамдарға құрметпен қараудың маңызын атап өтті. Ашық пікір алмасу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Мұндай тәрбиелік кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, отбасындағы сыйластық пен татулықты нығайтуға және қауіпсіз қоғам құруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.


