ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Махамбет ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Отбасы QUIZ» интеллектуалды сайысы өтті. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім додасына ауданның 6 ауылдық округінен келген командалар қатысты.

Сайысқа Ақжайық, Ақтоғай, Есбол, Алға, Махамбет және Бақсай ауылдық округтерінің намысын қорғаған алты команда қатысып, алты кезең бойынша өзара бақ сынады. Логикалық ойлау қабілеті, білім деңгейі және ұйымшылдығы сыналған тартысты дода барысында қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, өзара мықтыны анықтады. 

Нәтижесінде ІІІ орын Махамбет ауылының командасына, ІІ орын Ақжайық ауылдық округінің командасына бұйырса, бас жүлдені Ақтоғай ауылының «Шой» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал жүлделі орындарға ие болмаған командаларға белсенді қатысқандары үшін Алғыс хаттар табыс етілді. 

Шара соңында Отбасын қолдау орталығының басшысы Равиль Темірланов қатысушыларды құттықтап, мұндай интеллектуалды сайыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. 


ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT