Ортақшыл ауылында №231 учаскеде дауыс беру қарқынды өтуде.

Ортақшыл ауылындағы №231 референдум учаскесінде дауыс беру қарқынды түрде жалғасуда. Таңертеңнен бастап ауыл тұрғындары учаскеге келіп, ел болашағы үшін маңызды таңдау жасап жатыр. Бұл – ауыл халқының ел тағдырына бейжай қарамайтынын және ортақ іске белсенді атсалысатынын көрсетеді.
Сайлау учаскесіне келушілердің қатарында отбасымен бірге дауыс беріп жатқан тұрғындар да көп. Ауыл тұрғындары ауызбіршілік танытып, елдің ертеңі үшін өз үлестерін қосуда. Әсіресе, жастар мен үлкен буын өкілдерінің белсенділігі жоғары.
Солардың бірі – ауыл тұрғыны Хамзин Амантай. Ол көпбалалы отбасы ретінде барлық жанұя мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауын жасады. Отбасы мүшелері мұндай маңызды күнде әр азаматтың пікірі мен таңдауы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, ел дамуы мен келешек ұрпақтың болашағы үшін мұндай саяси маңызды шараларға қатысу – әр азаматтың парызы. Сондықтан да Ортақшыл ауылының тұрғындары бірлік пен жауапкершілік танытып, референдумға белсенді түрде қатысуда.
Бүгінгі дауыс беру – елдің болашағына бағытталған маңызды қадам. Ортақшыл ауылының тұрғындары өздерінің азаматтық белсенділігін көрсетіп, ортақ шешім қабылдауға үлес қосып жатыр.

#МенДауысБердім #ЕлімҮшінТаңдау #РеферендумғаБардым

Ш.Төлегенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT