Ортақшыл ауылында №231 референдум учаскесі жұмысын бастады.

Бүгін ел өміріндегі маңызды саяси күн. 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына байланысты жалпыхалықтық референдум өтуде. Осыған орай Ортақшыл ауылындағы №231 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
Қосарал орта мектебінде орналасқан №231 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Бексұлтан Маратұлының айтуынша, бұл учаскеде 642 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру үшін 648 бюллетень дайындалған. Ал денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын 21 тұрғынға үй жағдайында дауыс беру ұйымдастырылады.
Таңертең алғашқы болып дауыс бергендердің бірі – ауыл тұрғыны Оразғалиева Нұрсұлу болды. Комиссия төрағасы оған алғыс білдіріп, шағын сый-сияпат табыстады. Сонымен қатар ең жас дауыс берушілердің бірі Шағидолла Абылай да келіп, өз таңдауын жасады.
Айта кетейік, дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Ш.ТӨЛЕГЕНОВА

#МенДауысБердім
#ЕлімҮшінТаңдау
#РеферендумғаБардым

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT