О. Шонаев мектебінде орналасқан №218 сайлау учаскесінде дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.
Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын 12 тұрғынның өтініші бойынша бюллетень жәшігі олардың үйлеріне апарылды. Олардың қатарында ауылдың 81 жастағы тұрғыны Зинагүл Ауғанбаева мен 77 жастағы көзі көрмейтін Қабдол Кубашев те бар.
№218 учаскеде түске дейін 980 тұрғын өз таңдауын жасап үлгерді.




