Құқық қорғау органдары тұрғындарға үнемі жеке деректерді жасырын ұстауды, белгісіз сілтемелерге өтпеуді, қандай да бір банк қызметкерімін деген қоңырауларға жауап бермеу сынды сақтық шаралары айтудайын айтылып жатса да, кейбір азаматтар алаяқтың арбауына әп-сәтте түсіп қалуда. Ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан, опық жеген азаматтың мына бір оқиғасы өзгелерге сабақ болар деген сенімдеміз.
Аудан тұрғыны С.Д. азамат қосымша табыс табуды көздеп, әлеуметтік желідегі «оңай табыс» туралы хабарландыруға жүгінген.
Ол интернет-мессенджерлер арқылы белгісіз тұлғалармен байланысқа шығып, ақшалай сыйақы үшін өз атына рәсімделген банк шотын ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында олардың пайдалануына жол берген. Алаяқтардың нұсқауымен жеке банк шоты арқылы заңсыз ақша аударымдарын жүргізіп, құқыққа қайшы схемаға қатысқаны үшін ол 18 000 теңге көлемінде сыйақы алған.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынып, сотпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабының 4-бөлігімен С.Д. кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Осы орайда аудан прокуратурасы ескертеді:
- банк шоттарын;
- төлем карталары мен деректемелерін;
- мобильді банкинг қосымшаларының логиндері мен құпиясөздерін үшінші тұлғаларға беру;
- сондай-ақ өзге адамдардың мүддесі үшін ақша аударымдарын жүзеге асыру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Банк шоттарыңыз бен төлем құралдарыңызды пайдалануға байланысты «оңай табыс» туралы ұсыныстарға ешқашан келіспеңіз.
Махамбет ауданының прокуратурасы


