29-маусымда Сенат төрағасы М.Әшімбаевтың төрағалығымене палатаның қорытынды отырысы өткен еді.
Жиында Президенттің реформа заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, бірқатар заңдар мақұлданды. Сенат төрағасы М.Әшімбаев өз сөзінде Қазақстан Парламентінің 30 жылдығы атап өтілгенін, осы уақыт ішінде Парламент өкілді демократияның негізгі институтына айналғанын, ел өмірінің барлық саласын қамтитын маңызды заңдарды қабылдағанын атап өтті. Еліміз үшін тағдыршешті кезеңде Сенат депутаттары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сенімін жоғары бағалайтынын жеткізді. Жаңа Конституцияны толық іске асыру мен әділетті Қазақстанды құру жолында барлық прогрессивті қоғамдық саяси күштердің бірігуі аса маңызды екеніне тоқталды.
Сенат тарихында қаралған соңғы заң нотариустерге қатысты болды. Өткен жылы елімізде 4700-ге жуық нотариус жұмыс атқарған екен. Олар 11 млн-нан астам қызмет көрсеткен көрінеді. Енді нотариустардың жауапкершілігі күшейтілетіні де осы отырыста сөз болды. Заң қызмет сапасын арттыруға, саланы цифрландыруға бағытталған.
А.Саркулова,
Атырау нотариалды аймағының нотариусы


