№231 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі белсенді түрде жалғасуда. Учаскеге денсаулық жағдайына немесе басқа да себептерге байланысты келе алмайтын азаматтар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылған.
Арнайы комиссия мүшелері азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, олардың өз таңдауын жасауына жағдай жасауда. Бұл – әрбір сайлаушының азаматтық құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды шара.
Үйден дауыс беріп жатқан тұрғындар да ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіріп, азаматтық белсенділігін танытуда.




