№231 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасуда.

Ортақшыл ауылындағы №231 сайлау учаскесі бүгін өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Ауыл тұрғындары ел болашағы үшін маңызды қадам жасап, референдумға қатысуда. Ауыл халқының ұйымшылдығы мен болашаққа деген сенімінің арқасында дауыс беру қарқынды әрі тәртіппен жүргізілуде.

Атап айтқанда, Дауылбаевтар отбасы да өз дауысын беріп, отбасының болашағы мен елдің дамуына үлес қосты. Сондай-ақ әр жастағы тұрғындар, соның ішінде отбасымен келгендер мен ардагерлер де қатысуда. Бұл – қоғамдағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Сайлау учаскесінде дауыс берушілерге барлық қажетті жағдайлар қарастырылған. Сайлау комиссиясы азаматтардың қауіпсіздігі мен бюллетеньдерді дұрыс есепке алу жұмыстарын қатаң бақылайды. Дауыс беру процесі тыныш, ретімен өтіп, әрбір азамат өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.
Әрбір дауыс – Қазақстанның болашағына қосылған үлес. Ортақшыл ауылындағы белсенділік тұрғындардың мемлекетке деген сенімі мен жауапкершілігін көрсетіп, ел дамуындағы маңызды рөлін дәлелдейді.

#МенДауысБердім #ЕлімҮшінТаңдау #РеферендумғаБардым

Ш.Төлегенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT