№231 сайлау учаскесінде дауыс беру барысы

Ортақшыл ауылына қарасты Қосарал орта мектебінде орналасқан №231 сайлау учаскесінде барлығы 640 сайлаушы тіркелген. 

Тіркелген сайлаушылардың ішінде 34 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың 4-еуі денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

Сайлаушылардың өз конституциялық құқықтарын еркін жүзеге асыруы үшін учаскеде барлық қажетті жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы дауыс беру кабинасы жабдықталып, Брайль қарпімен әзірленген бюллетеньдер орналастырылған.

Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы А. Қасымованың айтуынша, учаске бойынша 10 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірді. 
№231 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының және «JARQYN BOLASHAQ» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері бақылауда.

Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, азаматтардың дауыс беру құқықтарын жүзеге асыруына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT