Талдыкөл ауылындағы №226 сайлау учаскесінде саяси науқанның соңғы сағаттарында ерекше сәт орын алды.
Ауылдың 96 жастағы тұрғыны, тыл ардагері, ардагер ұстаз Нұрзиба Баймұханқызы немере-шөберелерімен бірге сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады.
Ғасырға жуық ғұмырында ел тарихының талай кезеңіне куә болған ардагер ана сайлауға қатысып, елінің болашағына деген ыстық ықыласын білдірді.
— Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Кейінгі ұрпақ бейбіт өмір сүріп, Қазақстанымыз көркейе берсін. Бүгін немере-шөберелеріммен бірге келіп, өз таңдауымды жасадым, – деп ақжарма тілегін жеткізді Нұрзиба әже.
Нұрзиба Баймұханқызының бірнеше буын ұрпағымен бірге сайлау учаскесіне келуі – үлкеннің өнегесі мен ұрпақ сабақтастығын айшықтаған әсерлі сәттердің бірі болды.


