№226 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР ЖҰМЫС ЖАСАДЫ

№226 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру жалғасуда.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Сандуғаш Серікқалиқызы Мунбаеваның айтуынша, халықаралық байқаушылар сайлау учаскесіне таңғы сағат 05:30-да келген. Сағат 06:00-де тіркеуден өткен олар учаскенің ашылу рәсіміне қатысып, дауыс беру басталған сәттен бастап сайлау барысын бақылаған.

Сайлау барысын бақылауға Германиядан Кристина Мюшен, Ұлыбританиядан Раймонд Снайдер келді. Шетелдік байқаушыларға сайлау учаскесінің ашылу рәсімі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуы ерекше әсер қалдырған.

— Таңғы уақыттан бері сайлау учаскесіндегі жұмыстарды бақылап келеміз. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Әсіресе Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны орындалған сәт ерекше әсер етті. Ауылдың тыныс-тіршілігі мен тұрғындардың көңіл күйі де бізге ұнады. Қазақстаннан жақсы әсер алып отырмыз, – деді халықаралық байқаушы Раймонд Снайдер.

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT