№220 референдум учаскесінде 20 адам үйден дауыс береді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы аясында жалпыхалықтық референдум өтуде. №220 учаске
 мекенжайы бойынша 994 дауыс беруші тіркелген. Денсаулық жағдайына байланысты алдын ала үйден дауыс беруге өтініш білдірген 20 тұрғынның үйіне  бюллетень жәшігі апаралатын болады. 
Аталған учаске бойынша азаматтардың дауыс беру барысын "Дауыс" қоғамдық байқаушылар коалициясы, "Баста ИР"  жергілікті бастамаларды қолдау қоры, "Аманат" партиясының өкілдері бақылауда. 
- Конституция әр азаматқа жауапкершілік жүктейтін негізгі заң.   Сондықтан осынау ел тарихындағы маңызды оқиға жаңа Конституцияға байланысты өтіп жатқан референдумда әрбір азамат өз таңдауын жасауы тиіс деп білемін, -  дейді ауыл тұрғыны Кендебай Шоқпаров.
#Конституция #ЗаңҮстемдігі #Жауапкершілік
Б.САПАРОВА
#МенДауысБердім, #ЕлімҮшінТаңдау, #РеферендумғаБардым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT