№219 сайлау учаскесінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы жағдай жасалған

№219 сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай қарастырылған. Учаскеде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыш ұйымдастырылып, қажетті ақпараттар мен құралдар орналастырылған.

Арнайы бұрыш азаматтардың сайлау процесіне қатысты мәліметтермен танысып, өз таңдауын еш кедергісіз жасауына мүмкіндік береді. Учаске қызметкерлері де дауыс беруге келген азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын.

Бұл – әр азаматтың сайлау құқығын тең дәрежеде жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды жағдайлардың бірі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT