№217 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүріп жатыр

 

Махамбет ауданының №217 сайлау учаскесі бүгін өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Ауыл тұрғындары ел болашағы үшін маңызды қадам жасап, референдумға қатысуда.
Әр мекеме мамандары мен ауыл тұрғындары келіп, өз дауыстарын беруде. Атап айтқанда, жас отбасы балаларымен келіп, дауыс берді. Олар жаңа заңның балалардың болашағының кепілі екеніне толық сенеді. Бұл – азаматтардың өз отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін айқын көрсететін маңызды көрініс.
Сайлау учаскесінде дауыс берушілерге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сайлау комиссиясы азаматтардың қауіпсіздігі мен бюллетеньдерді дұрыс есепке алу жұмыстарын қатаң бақылайды. Дауыс беру тәртіппен, тыныш атмосферада өтуде.
Әрбір дауыс – Қазақстанның болашағына қосылған үлес. №217 сайлау учаскесіндегі белсенділік тұрғындардың мемлекетке деген сенімі мен жауапкершілігін дәлелдейді.

#МенДауысБердім #ЕлімҮшінТаңдау #РеферендумғаБардым

Ш.Төлегенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT