№217 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берген Жолдасова Зарина Асланбекқызына ерекше құрмет көрсетілді. Жас сайлаушыға арнайы сыйлық табысталып, оның азаматтық таңдау жасауының маңыздылығы атап өтілді.
Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Заринаға құттықтауын білдіріп, «Сенің даусың маңызды» екенін жеткізді. Бұл – жас азаматтың ел болашағына қатысты өз таңдауын жасап, алғаш рет сайлау процесіне қатысуына көрсетілген қолдау.
Зарина үшін бұл күн – азаматтық жауапкершілігін сезініп, сайлау құқығын алғаш рет пайдаланған маңызды күн болды.


