№216 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Махамбет ауданындағы №216 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Учаскеде барлығы 1020 сайлаушы тіркелген.

Сайлаушылар таңертеңнен бастап дауыс беруге белсенді қатысуда. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Қызылқоға ауданынан есептен шығару куәлігімен келген азаматтар да өз таңдауын жасауда.

Қазіргі уақыттағы мәлімет бойынша, №216 сайлау учаскесінде 291 сайлаушы дауыс берді.

Дауыс беру жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT