№ 217 сайлау учаскесінде таңғы уақыттан бері халықтың қарасы қалың. Дауыс беру басталған сәттен-ақ тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасауда.
Қазіргі уақытта учаскеде дауыс беруге келген азаматтар саны артып, сайлау үдерісіне деген белсенділік байқалуда. Тұрғындар өз таңдауларын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіп пен қажетті жағдайлар қамтамасыз етіліп, дауыс беру барысы белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуде.


