Өнер мектебі ұжымы тазалыққа үлес қосты

Дүниежүзілік «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне орай аудандық З. Ещанова атындағы өнер мектебінің ұжымы экологиялық сенбілікке белсене қатысты.

Сенбілікке мектеп ұжымының барлық мүшесі қатысып, мекеме аумағы мен айналасын тазарту жұмыстарына атсалысты. Қураған шөптер шабылып, аумақ қоқыс пен түрлі қалдықтардан тазартылды. Нәтижесінде өнер мектебінің айналасы жинақы әрі көрікті күйге енді.

Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және туған өлкені абаттандыруға бағытталды. Ұжым мүшелері осындай ортақ іске белсенді қатысу арқылы ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.

Тазалықты сақтау – бір күндік жұмыс емес, әр азаматтың күнделікті жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар елді мекеннің ажарын ашып, тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT