Немерелерімен бірге дауыс берді

Талдыкөл ауылындағы №226 референдум учаскесіне ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Алия Нұрғалиева немерелерін ертіп келіп, өз таңдауын жасады. Ол маңызды саяси науқанның мәнін жас ұрпаққа түсіндірудің маңызы зор екенін атап өтті.

– Еліміздің болашағы – біздің артымыздан ерген ұрпақ. Сол себепті балалар мемлекетте болып жатқан өзгерістер туралы біліп өскені абзал. Дастархан басында да елдің тыныштығы мен бірлігі жайлы әңгімелер айтылып тұрса, бұл олардың санасына жақсы үлгі болады. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” дейді қазақ. Бүгінгі жалпыхалықтық референдумның мәнін кішкентайынан көріп, естіп өссін деген ниетпен немерелерімді ертіп келдім. Өз таңдауымды жасап, елдің кемел келешегін тіледім, – дейді көпбалалы ана.

Дауыс бергеннен кейін учаске төрағасы атынан Алия Нұрғалиеваға естелік сыйлық табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT