МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Махамбет аудандық «Мерейлі отбасы – 2026» байқауының жеңімпазы атанған Зұлхашевтар отбасы №217 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауларын жасады.

Ынтымағы мен берекесі жарасқан үлгілі отбасы ел өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын білдірді. Отбасы мүшелері дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты.

Бүгінде Махамбет ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру белсенді түрде жалғасуда. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауын жасауда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT