Бүгінгі өтіп жатқан республикалық референдумға тұрғындар жоғары белсенділік танытуда. Бұдан халықтың қоғамдық-саяси науқанға деген қызығушылығының жоғары екенін көруге болады.
Мәселен, Сарайшық ауылдық округіне қарасты №224 референдум учаскесіне таң атқаннан дауыс беруге келген жеке адамдарды айтпағанда, ауылдағы мекеме қызметкерлері де бірауыздан ұжым болып келуде. Соның қатарында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары бар. Олар бүгінгі саяси науқанның ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, әр азаматтың өз таңдауын жасау қажет екенін атап өтті.
Қауырт жұмыстарына қарамастан, азаматтық жауапкершілік танытып, ұйымшылықпен дауыс беруге келген орталық мамандарына учаскелік комиссия төрағасы Гүлжанат Жаймағамбетова ерекше алғыс білдірді.
Б.САПАРОВА
Мекеме-ұжымдардың белсенділігі жоғары
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 128


