📅 23-25 қыркүйек аралығында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қауіпсіздік коды: 102, 111, 150» республикалық акциясы өткізілуде.
🤝 Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қиын жағдайға тап болған адамдарға қажетті қолдау көрсету.
📞 102 – полиция;
📞 111 – бірыңғай байланыс орталығы;
📞 150 – сенім телефоны.
⚠️ Егер сіз немесе жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса, үнсіз қалмаңыз. Уақтылы көмек сұрау – қауіпсіздікке бастар маңызды қадам.


